Сертіне берік сардар
2024 жылдың 27 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс Министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Сертіне берік сардар» тақырыбында тұлғатану сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау, қатысушыларды патриот болуға, елін, жерін қорғай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Шара барысында арнайы видеоматериалдар, фильмнен үзінділер және «Сертіне берік сардар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.