Сезім мен сырдың ақыны

        Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 85 жыл толуына орай «Сезім мен сырдың ақыны» атты поэзия сағаты өткізілді. Мақсаты: ақынның шығармаларын насихаттау, жас оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ақын өлеңдері арқылы туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, ақынның шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған кітаптарға таныстыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар ақын поэзиясындағы сыршылдық пен адамгершілік тақырыптары жөнінде пікір алмасты.