Шабыт шырағы
Жазушы А. Смайылдың туғанына 80 жыл толуына орай кітапханада мектеп оқушыларының қатысуымен «Шабыт шырағы» атты әдеби сандық өткізілді. Мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды кітап оқуға баулу және қаламгер шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында оқушыларға А. Смайылдың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы ақпарат беріліп, қаламгердің әдебиеттегі орны таныстырылды. Әдеби сандық форматында жазушының шығармаларына шолу жасалып, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыратын танымдық мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай «Шабыт шырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды. Оқушылар жазушының шығармаларымен танысып, өздеріне ұнаған туындылар туралы ой бөлісті.



