Ғарышқа қадам
2026 жылдың 27 шілде қазақтың тұңғыш ғарышкері, әскери ұшқыш-сынақшы және қоғам қайраткері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ғарышқа қадам» тақырыптық сағат өткізілді. Мақсаты: Қазақтың тұңғыш ғарышкері, әскери ұшқыш-сынақшы және қоғам қайраткері Т.Әубәкіровтің өмірі мен еңбек жолын, ғарышқа жасаған тарихи сапарын жас ұрпаққа таныстыру.
Іс-шара барысында кітапханашы Тоқтар Әубәкіровтің балалық шағы, жастық кезеңі, әскери ұшқыш-сынақшы ретіндегі қызметі және ғарышкерлік жолы туралы кеңінен әңгімеледі. Қатысушыларға оның 1991 жылы ғарышқа жасаған тарихи сапары, ғарышты игерудегі ерлігі мен Қазақстан тарихындағы орны туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, Тоқтар Әубәкіровтің өмірі мен қызметіне арналған кітаптар мен ақпараттық материалдар таныстырылып, қатысушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылды. Іс-шара соңында ғарышкердің өмір жолы жас ұрпаққа үлгі екені атап өтіліп, елін сүйетін, білімге ұмтылатын азамат болуға шақырылды.