Шалқыған шабыт иесі
Құрметті оқырмандар! Қазақ әдебиеті атты шексіз айдынның бетінде ақ желкенін керіп, ақ кемедей жүзіп келе жатқан жазушының бірі Һәм бірегейі – Бексұлтан Нұржекеұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Шалқыған шабыт иесі» атты әдеби сағат онлайн форматта өтті. Мақсаты: Әдебиет әлеміне өзіндік өрнегімен, толысқан талантымен танылған көр¬некті жазушының көркем прозадағы қоржыны шұрайлы шығармаларын насихаттау. Спикер: оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б.Пирмаханова тума дарынының жемісі: роман, повесть, әңгімелері төл әдебиетіміздің толымды туындылары, жұртшылық жүрегіне төте жол тапқан жазушының өмірбаянына тоқталып өтті.
Біз білетін Бекең – қазақ қарасөзінің «беласқан» толқынының арасында өзіндік стилімен, ешкімді қайталамас ой-өрнегімен танылған тегеурінді тұлға. Сөз өнері атты киелі өлкеге саф тазалығымен келіп, өз өнерін өзгелер мойындайтындай өремен шыңдаған жазушы.