Ұшқан ұя – ұлт рухының бастауы

2026 жылдың 5 тамыз күні «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақтың даңқты батыры, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша «Ұшқан ұя – ұлт рухының бастауы» тақырыбында кітап талдау іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: жас оқырмандарға Бауыржан Момышұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы тәрбиесінің маңызын ұғындыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Кітап талдау барысында қатысушылар шығарма мазмұнына терең тоқталып, ондағы ұлттық тәрбие, ата-анаға құрмет, салт-дәстүр, туған жерге деген сүйіспеншілік сынды құндылықтар жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, кейіпкерлердің бейнесі мен автордың өмірлік ұстанымдары жан-жақты талқыланды. Іс-шара аясында «Ұшқан ұя – ұлт рухының бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар мен танымдық әдебиеттер таныстырылды.