Шертпе күйдің шебері

2025 жылдың 29 қазан күні қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі, шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 210 жыл толуына орай «Шертпе күйдің шебері» атты музыкалық композиция өткізілді. Іс-шараның мақсаты: күй өнерінің ұлттық мәдениеттегі орнын дәріптеу; жас ұрпаққа ата-баба мұрасын қастерлеуді үйрету.

      Іс-шара қазақтың дәстүрлі музыкасы ойнап, Тәттімбет күйлерінің әуенімен басталады. Кітапханашы Тәттімбет Қазанғапұлының өмір жолы туралы қысқаша шолу жасап, шығармашылығымен таныстырып өтті. «Шертпе күйдің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге күй өнері туралы әдебиеттер мен фотосуреттер қойылды. Кеш оқушыларға терең әсер қалдырып, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.