Шәкәрім оқулары

2023 жылдың  23 ақпан күні кітапхананың «Білім» орталығында ұлы ойшыл,ақын  Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Шәкәрім –ұлы тұлға» атты «Шәкәрім оқулары» өтті.  Байқауға қалалық мектептерден 14 оқушы қатысты.   

Байқаудың  мақсаты – ұлы ойшыл,ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған өлеңдерін оқыған дарынды жастарды анықтау, қолдау көрсету;

Байқауға ҚР журналистер Одағының мүшесі, ақын Нұрғали Қыдырмұратұлы Қарабеков, «Балбөбек» бөбекжайының уақытша директор міндетін атқарушы Сарманова Балнұр Мұратқызы, кітапхананың оқу бөлімінің кітапханашысы Талханбаева Индира Нуржумаевна төрелік етіп, 3 турдан тұратын сайыстан әрбір қатысушы мүдірмей өтті. Байқау нәтижесі бойынша № 1 мектептің  5 сынып оқушысы Жиембай Бегнур,жетекшісі Хизирова Маржан үздік деп атанып, бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, I  орынды № 2 мектептің  5 сынып оқушылары Абайқызы Айбөпе, II орын Қадлахмет Надира,жетекшісі Альжанова Жазира, III орын Оспан Нұрай, жетекшісі Жабагиева Еңлік иеленді. Қатысқан оқушылар «Алғыс хатпен» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды