Шәкәрім оқулары

2024 жылдың 23 ақпан күні кітапхананың «Білім» орталығында ІІ қалалық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті. Байқауға қалалық мектептерден 5 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты – ұлы ойшыл,ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған өлеңдерін оқыған дарынды жастарды анықтау, қолдау көрсету;

Байқауға «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Кенжебекова Павлина Сиязбековна, «Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тіл саясаты әдіскері Абулова Жанат Жалғасбекқызы, «Приозерск қаласының мәдениет демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазынаның кәсіпорын әдіскері Тұрарова Гүлжайна Жандуллақызы төрелік етіп, 2 кезеңнен тұратын сайыстан әрбір қатысушы мүдірмей өтті.

Байқау нәтижесі бойынша № 1 мектептің 7 сынып оқушысы Жиенбай Бекнұр I орынға ие болды, сонымен қатар № 2 мектептің 6 сынып оқушысы Жүнісбеков Жалғас II орынға , III орынға №1 мектептің 7 сынып оқушысы Жаңабай Жәнел иеленді. Қалған екі қатысушыларымыз Жұматай Тасмина мен Сейтқали Айару «Алғыс хатпен» марапатталды.