Елдігімнің белгісі
4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай кітапханада «Елдігімнің белгісі» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: ҚР Мемлекеттік Туы, Елтаңба меы н Әнұранның маңызын түсіндіру, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің тарихы, олардың авторлары мен қабылдану кезеңдері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар рәміздердің ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірліктің символы ретіндегі маңызы кеңінен насихатталды. Шараға 44841 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, тақырып аясында өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кітапханашы «Елдігімнің белгісі» атты кітап көрмесін таныстырып, рәміздер тарихы мен тәуелсіз Қазақстан туралы әдебиеттерге шолу жасады.