Тәуелсіз еліміздің рәміздері

2025 жылдың 4 маусым күні Рәміздер күніне орай кітапхананың «Білім орталығында» «Тәуелсіз еліміздің рәміздері» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстандық патриотизм, қазақстандықтардың мемлекеттік Туға, Елтаңбаға, Әнуранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру;

      Іс-шара мемлекеттік Әнуранның орындалуымен басталды. Кітапханашы Исхакова А.Ж. «ҚР Мемлекеттік рәміздері» және «ҚР мемлекеттік рәміздерін қалыптастыру тарихы» жайлы қызықты ақпарат берді.

     «Тәуелсіз еліміздің рәміздері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, еліміздің әр тарихи кезендеріндегі мемлекеттік рәміздердің тарихи жайында әдебиеттер қойылды.