Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі

Дешті Қыпшақ даласының даңқты перзенті, Ұлы даланың барысы, Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай, 2023 жылдың 16 мамырында кітапхананың оқу бөлімінде «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі » атты  тарихи сағат өтті. Мақсаты:Дешті қыпшақ даласынан шыққан даңқты тұлғаның өмір жолын жастарға дәріптеу; көрнекті билеуші, мемлекет қайраткері, қолбасшы туралы жан-жақты түсінік беру;


Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен ерлігі, тарихи мұрасы туралы таныстырды.
Соңында «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.