Сұлтан Бейбарыстың аңыз өмірі

2023 жылдың 3 қараша күні Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай ерлігін, батылдығын, қайсарлығын үлгі ету мақсатында «Сұлтан Бейбарыстың аңыз өмірі» тақырыбында танымдық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға № 2 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіру. Бабамыздың өз елінде емес, өзге елде 17 жыл сұлтандық құру, сол елде құрметтелу кез келгеннің қолынан келмейтін іс, ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету. ;

Шара барысында кітапханашы Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен ерлігі, тарихи мұрасымен таныстырды. Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Оқушылар «Сұлтан Бейбарыстың аңыз өмірі» атты кітап көрмесімен танысты.