Сұлу жырдың сұңқары

2024 жылдың 11 қазан күні кітапхананың «Білім» орталығында  жазушы, ақиық ақын, көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің  130 жылдық мерейтойына орай «Сұлу жырдың сұңқары» атты әдеби кеш өтті.   Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

      Кештің мақсаты: жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу;

      Кеш барысында кітапханашы Сәкен шығармаларындағы ақындық өнерге және мемлекет қайраткерінің қазақ әдебиетінің негізін салудағы орасан зор еңбектеріне шолу жасап өтті. Шара барысында  жазушы, ақын, қазақ әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныту мақсатында ақын жайында бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.