СПИД-қасірет қақпаны
2022 жылдың 2 желтоқсан күні Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне орай мектеп оқушыларының қатысуымен «СПИД-қасірет қақпаны» тақырыбында әңгіме шолу өткізілді. Мақсаты: СПИД – жұқпалы ауру жайында оқушыларға мағлұмат беру, СПИД – тің адам баласына әкелетін зияндылығын түсіндіру.
Оқушыларды СПИД – ке қарсы күресуге шақыру және адамгершілікке, мейірімділікке баулу. Өмірінде дұрыс жол таңдай білуге бағыттау. Кітапханашы Г.Тельтаева ғасыр індеті жайында жалпы сипаттама беріп, оқушыларды теріс жолға түспеуге, құмарлыққа, әуестілікке салынбауға тәрбиелеу туралы мағлұмат беріп өтті.