СПИД-ке қарсы ұрпақпыз
1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай мектеп оқырмандарының қатысуымен «СПИД-ке қарсы ұрпақпыз» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: ЖИТС/СПИД туралы дұрыс әрі ғылыми тұрғыда түсінік беру. Жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, зиянды әрекеттерден алыстауға тәрбиелеу.
Кітапханашы «1 желтоқсан – ЖИТС-ке қарсы күрес күні» туралы және СПИД-тің дүниежүзілік мәселеге айналғаны туралы мәлімет беріп өтті. Кеш барысында кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеде ВИЧ инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу тәсілдері және қазіргі емдеу мүмкіндіктері туралы кітаптар, мақалалар мен анықтамалық материалдар ұсынылды. Іс-шара «Салауатты өмір салты – әр адамның таңдауы» деген қорытынды оймен аяқталды.





