Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы

Ұстаздар күніне орай кітапханада мектеп оқушыларының қатысуымен «Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мақсаты: Ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызын насихаттау, жас ұрпақтың мұғалім мамандығына деген құрметін арттыру, білім мен тәрбиенің құндылығын дәріптеу және ұстаз тұлғасының өнегесін үлгі ету. Іс-шара барысында оқушыларға ұстаздың қоғамдағы рөлі, шәкірт тәрбиесіндегі еңбегі мен ұрпақ болашағына қосар үлесі туралы мағлұматтар берілді. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, ұстаз еңбегі мен білім беру саласына арналған кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге ұсынылған әдебиеттер арқылы оқушылар көрнекті ұстаздар, ағартушылар мен педагогтердің өмірі мен шығармашылығымен танысты.