Ұстаз жүрегіндегі мейірім

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесіне арналған «Ұстаз жүрегіндегі мейірім» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға мектеп ұстаздары қатысып, шығарма төңірегінде ой бөлісті. Мақсаты: Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығын насихаттау, «Алғашқы ұстаз» повесіндегі ұстаз бейнесі арқылы білім мен тәрбиенің маңызын түсіндіру, ұстаз еңбегін құрметтеуге баулу және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. Дөңгелек үстел барысында «Алғашқы ұстаз» шығармасының мазмұны мен негізгі идеясы талқыланды. Қатысушылар шығармадағы Дүйсен ұстаздың адамгершілік қасиеттері, шәкірт болашағы үшін жасаған еңбегі мен білімге деген адалдығы туралы пікір алмасты. Ұстаздың бала өміріндегі орны, мейірім мен қамқорлықтың тәрбиедегі рөлі жөнінде ой қозғалды. Сонымен қатар, шығарманың бүгінгі қоғаммен байланысы талданып, әрбір адамның өмірінде із қалдырған ұстаздың орны ерекше екені атап өтілді. Тағылымы мол кездесу қатысушыларға рухани ой салып, ұстаздық мамандықтың қадір-қасиетін тереңірек түсінуге ықпал етті.