Ұстаздың ұлы келбеті

2025 жылы 6 қазан күні Ұстаздар күніне орай «Ұстаздың ұлы келбеті» атты әдеби жәрмеңке №1 мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Ұстаздың қоғамдағы орны мен еңбегін ұлықтау. Жас ұрпаққа ұстазға құрмет, алғыс сезімін қалыптастыру;

      Әдеби жәрмеңкеде ұстаздарға арналған көркем шығармалар, поэзия жинақтары, естеліктер мен заманауи педагогика тақырыбындағы кітаптар оқушылар назарына ұсынылды. Оқушылар ұстаз еңбегінің қадірі мен маңыздылығын айшықтайтын әдебиеттермен танысып, өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шара барысында оқушылар ұстаз туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер арқылы ұстаз бейнесін дәріптеді.