Ұстазым, менің ұстазым
2019 жылдың 4 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның балалар бөлімінде Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазым, менің ұстазым» атты шығармашылық жұмыс өтті.
Мақсаты: Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу. Шығармашылық біліктілігін арттыру;
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.
Шығармашылық жұмыс барысында оқушылар өздерінің сүйікті мұғалімдеріне хат жазды. Хаттарында оқушылар ұстаз бейнесін кеңінен ашып, өз алғыстарын білдірді.