Суретшінің ғажайып әлемі

2022 жылдың 27 желтоқсан күні Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші Айша Ғарифқызы Ғалымбаеваның туғанына 105 жыл толуына  орай №2 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Суретшінің ғажайып әлемі» хабарлама сағаты өткізілді.

    Мақсаты:  суретші Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмір жолы мен оның өнер туындыларымен таныстыру, салынған суреттің мән-мағынасын оқи білуге үйрету. Кітапханашы оқушылардың қазақ бейнелеу өнеріне сүйіспеншілігін арттыру, көркемдік талғамын қалыптастыру туралы баяндама оқып, кітап көрмесімен таныстырды.

3 4 5 6