Сөз бастаған хас жүйрік

  2025 жылдың 29 қыркүйек күні айтыс арысы, ақын Сүйінбай Аронұлының туғанына 210 жыл толуына орай кітапханада «Сөз бастаған хас жүйрік» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Мақсаты: ұлы жырау, айтыс өнерінің хас жүйрігі Сүйінбай Аронұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Кеш барысында айтыскер-ақын Сүйінбай Аронұлының өмір жолы мен шығармашылығы және жыр алыбының асқақ мұрасы насихатталып, айтыс өнерінің алтын діңгегі болған Сүйінбай бабамыздың өлеңдері оқылды. «Сөз бастаған хас жүйрік» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.