Сөз бен сыр
2026 жылдың 29 қаңтар күні жазушы Магзом Сүндетовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сөз бен сыр» атты танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Магзом Сүндетовтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, көркем әдебиетке қызығушылықты арттыру, оқырмандардың рухани дүниетанымын кеңейту. Іс-шараның барысында оқушыларға жазушының өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы қысқаша мәлімет беріліп, шығармашылығына арналған бейнематериал көрсетіліп, негізгі еңбектері таныстырылды. Сонымен қатар «Сөз бен сыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының кітаптары мен ол туралы деректер көпшілік назарына ұсынылды.



