Сөз сұлтаны – Сайын

2026 жылдың 15 қазан жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сөз сұлтаны – Сайын» тақырыбында әдеби дилижанс өткізілді. Мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру. Шара барысында жазушының қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны, шығармаларының көркемдік ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні туралы мағлұмат берілді. Қаламгердің «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Менің қарындасым» сынды туындыларына ерекше назар аударылып, олардың негізгі идеясы мен кейіпкерлер әлемі таныстырылды. Әдеби дилижансқа мектеп оқушылары қатысып, қазақ прозасының шебері Сайын Мұратбековтің өмір жолы мен әдеби шығармашылығына саяхат жасады, сонымен қатар жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге қаламгердің көркем туындылары мен әдеби мұрасы туралы материалдар қойылып, қысқаша шолу жасалды.