Сөз зергері – Қалихан Ысқақов

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жазушы, ұлт мақтанышы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған «Сөз зергері – Қалихан Ысқақов» атты әдеби вернисаж өткізілді. Мақсаты: Жазушының әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасын, тіл шеберлігін, көркемдік дүниетанымын насихаттау, қаламгердің прозалық туындылары арқылы ұлттық болмыс пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында кітапханашы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қ.Ысқақовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстырып, «Сөз зергері – Қалихан Ысқақов» атты кітап көрмесіне шолу жасады.