«Тар жол,тайғақ кешу"

Қазақтың бір туар перзенті, аса көрнекті ақыны және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай 2019 жылдың 14 наурыз күні «Приозерск қалалық қітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары № 1 қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Х.Хизированың қатысуымен «Тар жол,тайғақ кешу» романындағы күрескер ақын бейнесіне әдеби кеш өткізді.
Мақсаты: роман туралы ойларын тереңдету, жазушыны тану; жазушының шығармаларына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту.
С.Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» мемуарлық романы 1916-1919 жылдардағы тарихи оқиғаларды суреттеген.Романда осы кездегі оқиғалар тарихи дәлдікпен беріліп,көркем суретпен бейнеленеді. «Тар жол,тайғақ кешудің» жанрлық жағынан ерекшелігі де – тарихтағы өткен оқиғалардың нақты көрсетілуі әрі оның көркем шығарма түрінде жазылуында.Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі.
Жазушы тек тарихи оқиғаларды баяндап қоямай, сол кездегі әлеуметтік, саяси жайттарға тоқталып,тұрмыстық,этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді.қазақ аулының қалпы,әсіресе алғашқы тарауларда берілген
Іс-шара барысында «Сәкен Сейфуллин.Тар жол,тайғақ кешу» атты презентация көрсетіліп, кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.