Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз

2025 жылдың 30 сәуір күні кітапханада Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты ақпараттық кеш өтті. Мақсаты: республикадағы ұлтаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға ықпал етіп, достықты, толеранттылықты және отбасылық құндылықтарды сақтау идеяларын қалыптастыру.
Сонымен қатар оқырмандарға Қазақстан Республикасы көп ұлттық мемлекет екені айтылып, ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты