Тауқыметті тағдыр, тарихқа айналған тұлға

17 наурыз «Тарихқа тағзым» күніне Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене катысушы, партия, кенес және мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Тауқыметті тағдыр, тарихқа айналған тұлға»  тарихи кеш өткізілді.

Мақсаты: қазақ зиялыларының алдыңғы легінде болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың ұлтының ұлы мұратына жету жолын насихаттау. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.