Тағылымды тұлға

2018 жылдың 14 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Алаш ардақтысы, мемлекет және қоғам қайраткері  Жанайдар  Сәдуақасовтың  туғанына 120 жыл толуына орай «Тағылымды тұлға» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары қатысты.

Мақсаты: Алаш  қайраткері  Жанайдар  Сәдуақасов жөнінде ақпарат беру, ұлт зиялыларының  ұстанған  бағытын  түсіндіру  арқылы оқушылардың бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.

Отан тарихында  әлі де үстірт қарастырылған немесе тарихи тұрғыдан өз бағасын алмаған тұлғаның бірі – ХХ ғасырдың басындағы қазақтың зиялы қауым өкілі Жанайдар Сәдуақасов.

Кеш барысында  кітапхана  қызметкері  Ж.Досмуратова  Алаш ардақтысы,  мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Садуақасовтың өмірі мен қызметіне қысқаша тоқталып өтті. Шара барысында  «Алаш қайраткері-Жанайдар Сәдуақасов» атты презентация көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

IMG-20180814-WA0004 IMG-20180814-WA0006 IMG-20180814-WA0015 IMG-20180814-WA0020