Тазалық-денсаулық кепілі
2024 жылдың 5 сәуір күні №2 мектептің кітапханасында 9-сынып оқушыларының қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Тазалық-денсаулық кепілі» тақырыбында диспут өтті.
Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру;Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; Денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға денсаулыққа байланысты жұмбақтар, сұрақ-жауаптар қойды. Оқушылар белсене қатысып, сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды. Іс-шараның соңыңда «Тазалық-денсаулық кепілі» атты кітап көрмесін таныстырып өтті.