Театр сахнасының шебері

       2026 жылдың 12 ақпан күні жазушы, драматург, қазақ әдебиеті мен журналистикасында өзіндік қолтаңбасы бар тұлға Бек Тоғысбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Театрсахнасыныңшебері» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: жазушының еңбекқорлығы мен отансүйгіштігін үлгі ете отырып, рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

      Шара барысында кітапханашы жазушы, драматург Бек Тоғысбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттап, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мағлұмат берді. Кеш соңында Бек Тоғысбаевтың мұрағаттық суреттері мен дауысы жазылған қысқаша бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.