Полигон үнсіздігі
2026 жылдың 28 тамызында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон үнсіздігі» тақырыбына тарихи-ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, оның халқымыздың тағдырына тигізген зардаптары туралы жан-жақты ақпарат беру. Ядролық сынақтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және келер ұрпаққа тигізген ауыр салдарын түсіндіру арқылы бейбітшілікті, ел бірлігін және ядролық қарусыз әлем идеясын насихаттау. Жастардың тарихи санасын қалыптастырып, ел тарихына деген жауапкершілігін арттыру; Іс-шара барысында Семей ядролық сынақ полигонының құрылу тарихы, онда жүргізілген ядролық сынақтар және оның халыққа тигізген зардаптары туралы тарихи деректер ұсынылды. 1949–1989 жылдар аралығында жүргізілген сынақтардың қоршаған ортаға әсері мен Семей өңірі тұрғындарының басынан өткерген қиындықтары туралы айтылды. Сондай-ақ, полигонның жабылу тарихына, 1991 жылғы 29 тамызда оның ресми түрде жабылуына және бұл шешімнің Қазақстанның бейбітшілік жолындағы маңызды қадамдарының бірі болғанына тоқталды. Сарбаздарға ядролық қарудың адамзатқа төндіретін қаупі, ядролық қарусызданудың маңызы туралы ақпарат берілді. 06708 әскери бөлімінің сарбаздары тарихи деректермен танысып, тақырыпқа қатысты кітап көрмесін тамашалады. Іс-шара соңында бейбітшілікті сақтау, туған жердің тарихын білу және ядролық сынақтардың қайталануына жол бермеу жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды.