Төл теңге-Тәуелсіздік тұғыры

2023 жылдың  15 қараша  күні  Ұлттық  валюта-Теңгенің айналысқа енгеніне  30 жыл толуына  орай тәуелсіз Қазақ елінің төл теңгесін жас ұрпақтарға таныстыру, ақшаның пайда болу тарихы өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі туралы мағлұмат беру мақсатында кітапханада «Төл теңге-Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында  әдеби  шара өтті.

Шара барысында оқырмандар төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен танысты. «Төл теңге-Тәуелсіздік тұғыры » кітап көрмесі ұйымдастырылды.