Тіл-тұтастық кепілі
2018 жылдың 4 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл – тұтастық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.
Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Туған тілім — тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі қадір-құрмет тұтатын ана тілі бар.
Осы іс-шара аясында оқу залының кітапханашысы Курманбекова К.Т ҚР тілдер күнінің ерекшеліктері және тілдің тарихы туралы айтып берді. Ана тіліміз жайлы сөз болғанда біздің от ауызды орақ тілді ақындарымыздан асып ешкім өз ойын жеткізе алмасы анық, сол себепті іс-шара барысында балалар кітапханасының кітапханашысы Жүнісова Шарзат Жаркеновна тіл туралы өлең оқып қазақи рухымызды бір көтеріп тастады. Жалпы келген оқушылар өте белсенді атсалысып отырды.Оқырмандар «Тіл халықтың ертеңі» атты кітап көрмесімен танысты. Көрмеге тілге байланысты кітаптар,газет-журнал беттерінде жарияланған материалдар қойылды.