Тілім менің-тірлігімнің айнасы
2023 жылдың 5 қыркүйек күні мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу мақсатында № 1 мектептің 10 сынып оқушыларымен «Тілім менің-тірлігімнің айнасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада Қазақстан халықтары тілдері күніне орай ақпараттар берілді. Дөңгелек үстел барысында көптеген мәселелер айтылып, тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындап, адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейтінін, өмірдің алмастай қырын түсіне білуге басты себепкер – сол ана тіл екенін біліп, бірауыздан ана тілімізге жаңашырлықпен қарап, тілдің мәртебесін өсіруге атсалысу борыштары екендігі баса айтылды.
Іс-шара соңында «Тілім менің-тірлігімнің айнасы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.