Тұманбай ақынның тұмадай жырлары
2020 жылдың 13 наурыз күні көрнекті ақын, сыршыл лирик, халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Тұманбай ақынның тұмадай жырлары» тақырыбында еске алу кеші қаладағы № 1мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Т.Молдағалиевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту;
Тұманбай Молдағалиев - қазақ әдебиетінің классигі, жас ұрпақтың тамаша тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы. Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығын әр қазақ жақсы біледі.Тұманбай поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға, ата мен анаға, дос -құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне ұялатып келеді.
Кеш барысында, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы оқушыларға таныстырылып, өлеңдерінен үзінділер оқылды. Тұманбай Молдағалиев шығармаларына заманымыздың дарынды композиторлары Сейдолла Байтереков, Шәмші Қалдаяқов, Кенжебек Күмісбеков, Еркеғали Рахмадиевтар ән шығарды. Нұрғиса Тілендиевтің «Арманымның ақ құсы» әні халықтың сүйіктісіне айналды. Ақын сөзіне жазылған «Куә бол», «Жүрегімнің сөзі», «Сен менің әнімсің», «Сарыарқа», «Жан досым», «Көктем келді» және басқа да танымал әндер ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса бермек.
Оқырмандар назарына «Жырдың жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.