Тарихтың қасіретті беттері

2024 жылдың 27 тамыз күні Ядролық сынақтарға қарсы күніне орай «Тарихтың қасіретті беттері» тақырыбында тарихи уақыт ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қатысушылардың Семей полигоны туралы білімін тереңдету. Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып, олардың ой - өрісін кеңейту. Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында, полигон сұмдығы жайында әңгімелесу;

Шара барысында кітапхана қызметкерлері мен шараға қатысушылар Семей полигонында жасалған әуе, жер асты, жер үсті сынақтарының зұлмат зардабы жайында, антиядролық «Невада - Семей» қозғалысының сол кездегі ядролық сынақтарды тоқтатуға қосқан өлшеусіз жұмысы туралы мол мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті. «Тарихтың қасіретті беттері» атты кітап көрмесімен таныстыру жұмысы жүргізілді.