Тұрар Рысқұлов- ұлы тұлға
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толды. Осыған орай, 2019 жылдың 10 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Тұрар Рысқұлов- ұлы тұлға» тақырыбында тарихи кеш өтті. Іс-шараға № 2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: тоталитарлық саясат жылдарында жазықсыз жапа шеккен тұлғалар рухына тағзым ету; халқымыздың мақтан тұтар тұлғаларының өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету;
Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, кесек тұлғасы, дара саяси қайраткерлердің бірі Тұрар Рысқұлов –ұлт мүддесін ойлап, елінің қамын жеген, «тар жол, тайғақ кешу» заманының ащы дәмін татқан күрескер тұлға.
Іс-шарада Алаштың ардақты азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың өмірбаяны мен қызметі жайында оқушыларға толық мағлұмат беріліп, деректі фильм көрсетіліп, «Рухани жаңғыру және Алаш зиялылары» тақырыбында кітап көрмесі қойылды.