Тәрбие бастауы-отбасы
2026 жылдың 10 қыркүйек күні отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға арналған «Тәрбие бастауы – отбасы» атты ақпараттық- тәрбие сағаты өтті. Мақсаты : өскелең ұрпаққа отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүр мен имандылыққа тәрбиелеу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;
Шара барысында кітапханашы отбасы туралы, бала тәрбиесі және қазақы отбасылық дәстүрлер туралы айтып өтті. Қатысушылар «Әке – асқар тау», «Ана – жүректің жылуы» тақырыптарында өз ойларын ортаға салып, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып ,отбасылық тәрбиенің өмірдегі маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, кітапханашы арнайы көрме ұйымдастырып, отбасы психологиясы, бала тәрбиесі және отбасылық дәстүрлер туралы жазылған әдебиеттерге шолу жасады





