Түркі дүниесінің ойшылы

2025 жылдың 9 қазан күні кітапханада мектеп оқушыларының қатысуымен ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнидың туғанына 1005 жыл толуына орай «Түркі дүниесінің ойшылы» атты тарихи-тұлғатану сағаты өткізілді. Мақсаты: ұлы ойшыл, ақын, ғалым Жүсіп Баласағұнидың өмірі мен шығармашылығын таныту, оның адамгершілік, білім, әділдік пен ізгілік туралы идеяларын насихаттау.
Іс-шара барысында кітапханашы Жүсіп Баласағұнидың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет айтып, Баласағұнидың идеяларының қазіргі замандағы маңызын түсіндіріп өтті.«Түркі дүниесінің ойшылы» атты кітап көрмесіне шолу жасалады.