Түркі әлемінің ұлы ойшылы
2020 жылдың 22 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, ғұлама, ойшыл-философ, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына орай кітапхананың «Білім» орталығында «Түркі әлемінің ұлы ойшылы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Асқан ойшыл Жүсіп Баласағұнның өмірі және шығармалары туралы түсінік қалыптастыру ,бүгінгі күні жастардың бойында рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында спикер оқу бөлімінің кітапханашысы А.Есжанова оқырмандарға ғалымның туған жері, өскен ортасы туралы таныстырылып, еңбектері жайлы мағлұматтар берілді . Оқырмандар назарына «Түркі әлемінің ұлы ойшылы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.