Түркі жазбалары

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында,  түркі жазбасының ашылу күніне орай «Түркі жазуы»  республикалық акциясын өткізуге байланысты,  2019 жылдың 22 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде«Түркі жазбалары. Древнетюрская письменность» тақырыбында түркі әлемі тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат беретін кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Көрменің мақсаты: Ұлы дала мұрагерлерінің тарихын, дәстүрлерін және этномәдениетін дамыту; түркі елдері мен халықтар достастығы идеясын жүзеге асыру;

       Көрмеге түркі әлемінің тарихы, мәдениеті мен әдебиетінен сыр шертетін Б.С.Бөлекбаевтың «Әлемдік мәдениет пен өркениетке түркі қосқан үлесі”, Н.Келімбетовтің «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері», Ә,Ахметовтың «Түбі түркі өркениет» сынды т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды.

     Қатысушылар көрмеден орын алған басылымдар арқылы тарихи үрдістердің дамуына елеулі үлес қосқан түркі тайпалары мен түрлі халықтардың мәдениетімен танысты

7 9 10 11 12 13 14 15