Туған жерін ән еткен аға
2020 жылы 14 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінің кітапханашысы И.Талханбаева , №1 қазақ орта мектебінде 10 сынып оқушыларының қатысуымен Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық әртісі, композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Туған жерін ән еткен аға» тақырыбында танымдық сағат өткізді.
Мақсаты: Ескендір Хасанғалиев ағамыздың өмірбаяны мен музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру;
Ескендір Xaсaнғaлиев - тaнымaл композитор. Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Е.Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Е. Хaсaнғaлиевтiң "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Өмiрiмнiң жaзы", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды.
Кітапханашы оқырмандарға әнші, композитор Е.Хасанғалиев туралы қысқаша мағлұмат берді. Іс-шара барысында «Ел еркесі-Ескендір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.