Туған өлкем-неткен көркем
2018 жылдың 24 шілде күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде қаламыздың туылған күніне байланысты «Туған өлкем – неткен көркем» атты ақпараттық шолу өтті. Іс-шараға қаладағы жастар ресурстық орталығының «Жасыл Ел» жастар енбек жасақтары қатысты.
Мақсаты:Приозерск қаласы туралы мәлімет беру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға шақыру.
Приозерск қаласы 1956 жылы құрылды. Көкше көлдің жағасындағы Қоржынтүбекте орналасқан Приозерск қаласына биыл 62 жыл толып отыр. Көлге етене еніп жатқан түбекке осыдан 62 жыл бұрын әскери қаланың алғашқы қазығы қағылып, бүгінде еліміздің қорғаныс қуатына, тәуелсіздік игілігіне қызмет етіп келеді. Приозерскінің өз орны бар.
Бұл іс-шараға Приозерск қаласының жастары белсене қатысып, өз ойларын білдірді. Оқырмандар назарына «Әсем қалам-жас қалам» атты презентация көрсетіліп, «Приозерск-туған өлкем», «Туған өлкем-мақтанышым» кітап көрмелері ұсынылды.