Туған жерім-тұғырым

2021 жылдың 23 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім орталығында» Қазақстан Республикасы журналистер Одағының мүшесі, «Приозерский вестник» газетінің тілшісі, ақын Нұрғали Қыдырмұратұлы Қарабековтің 60 жас мерейтойына орай «Туған жерім-тұғырым» атты кездесу кеш өткізілді.

      Мақсаты: ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолымен таныстыру. Мерекелік кешті кітапханашы А.Ешжанова ашып, ақын Н.Қыдырмұратұлының өмірбаяны және шығармашылығымен таныстырды. Барлық карантиндік шектеулерді сақтай отырып шараға «Приозерский вестник» газетінің бас редакторы Б.А Кенжебеков., «Приозерский вестник» газетінің техникалық редакторы, жеке кәсіпкер А.В. Струментов, кітапхананың тұрақты оқырманы, «Сырлас» клубының мүшесі Рысқал әжеміз келіп, өз алғыстары мен тілектерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады. Кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, ақын туындыларынан үзінділер оқып, рухани азық алды. Содан кейін Б.А.Кенжебеков қалалық кітапхана ұжымының атынан Н.Қыдырмұратұлын құттықтап, қазақтың ежелден қалыптасқан дәстүрімен ақынның иығына шапан жапты. Іс-шара соңында отбасыңызға баянды бақыт, шығармашылық табыс тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз үстем болсын» – деп ақжарма тілегін білдіріп,  оқырмандармен естелік суретке түсті. Іс-шара барысында «Туған жерім-тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 5 6 7

 4 8