Тәуелсіздік дәуірі
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында 2018 жылдың 24 сәуір күні Елбасының "Тəуелсіздік дəуірі" атты кітабының презентациясы өткізілді. Іс-шараға қаланың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушылары қатысты.
Мақсаты: кітапты оқырмандарға жан-жақты насихаттау,жастарды отанын, халқын, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Кітапхана әдіскері Ш.Козыгельдиева Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына библиографиялық шолу жасап, оқырмандарға түсінік беріп өтті. Елбасының бұл еңбегі тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған. Алғы сөзінде Президент «Бұл кітап-менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» -деп кітаптың мазмұнын айқындап берген. Ол төрт тараудан тұрады. «Мемлекетіміздің дүниеге келуі», «Ұлы бетбұрыс», «Қияға құлаш сермеу» және «Қалыптасқан мемлекет». Сонымен қатар «Біздің уақыттың шежіресі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының бұған дейін шыққан кітаптары, мерзімді басылымдарға жарияланған материалдары қойылды.
Біздің осы Елбасымыздың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын насихаттауымыз жалғасын таппақ.