Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты тарихи кеш өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тарихындағы тәуелсіздікке жету жолындағы күресті таныту, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу. Жастарға еліміздің азаттық жолындағы батыр тұлғалар мен тарихи кезеңдер туралы мағлұмат беру.
Іс-шарада кітапханашы Тәуелсіздіктің халқымыз үшін маңызын атап өтіп, қазақ елінің сан ғасырлық азаттық күресіне қысқаша шолу жасады. Кеш барысында кітапханашы Желтоқсан оқиғасы, Алаш арыстары, ел тәуелсіздігі жолында еңбек еткен тарихи тұлғалар туралы бейнематериалдар көрсетілді. Оқушылар тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерді оқыды.Сонымен қатар «Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, тарихи әдебиеттер таныстырылды. Қатысушылар арасында сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, тәуелсіз елдің жетістіктері сөз болды.
Тарихи кеш қатысушыларға ел тарихын тереңірек тануға, тәуелсіздіктің қадірін ұғынуға мүмкіндік берді.

