Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң
2019 жылдың 23 тамызында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің «Білім орталығында» Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі-Ата Заң» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаладағы Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдерінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шараның мақсаты- Конституция күнінің қоғамдық санадағы маңыздылығын арттыру, мемлекет қолданысындағы құқықтық қайнар көзі ретінде, жоғарғы заң күшіне ие болып табылатын негізгі Заңға қоғамның назарын аудару, қоғамда Ата Заңды дәріптеу дәстүрін нығайтып, өскелең ұрпақты конституциялық құрылымды құрметтеу рухында тәрбиелеу;
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Конституцияларының тарихы мен мемлекеттің негізі – Ата Заңның қабылдануы мен ондағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан ары нығайту мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелдің соңында әр адам өз құқығын біле отырып, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін орындау керектігі жөнінде тұжырым жасалды. «Ата Заңым-айбыным» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.