Тұғыры биік тұлға

2022 жылдың 10 наурыз күні жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубаевтың туғанына 75 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен кітапхананың оқу залында «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

Әдеби кештің мақсаты: өзіндік өрнегі қалыптасқан жазушының әдеби мұраларына кеңінен шолу жасау. Іс-шара жазушы туралы арнайы дайындалған бейнебаянмен ашылды. Кітапханашы И.Талханбаева қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен шығармашылығы турасында сөз қозғады. Оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, әдеби кеш аясында қаламгердің шығармашылығынан сыр шерткен арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

23 16 15 14 13 12