Абыз ана, аңыз ақын
2026 жылдың 5 қараша ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың туғанына 105 жыл толуына орай «Абыз ана, аңыз ақын» тақырыбында еске алу кеші өткізілді. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын өскелең ұрпаққа таныстыру, қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын насихаттау, оқырмандарды көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, поэзияға құрмет сезімін қалыптастыру. Кеш барысында оқырмандарға ақынның өмір жолы, әдебиет пен ғылым саласына қосқан үлесі, шығармашылық еңбектері туралы мазмұнды ақпарат берілді. Ақынның өлеңдері мен әдеби мұралары таныстырылып, оның шығармаларындағы адамгершілік, ана махаббаты, туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптары кеңінен сөз болды. Сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылып, оқушыларға ұсынылған әдебиеттерге шолу жасалды.







